Жиынның жаңалықтары
мен оқиғалары

2020 жылдың 29 қыркүйегінде "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онл...
130740
Нұр-Сұлтан қаласында «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті.
132980
2020 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант...
126103
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онл...
126223
Сен Қазақстан Республикасының азаматысың ба және сенің жасын 14 тен 18 дейін бе? Сен ең ауқымды әс...
109631
2020 жылдың 1 қазанында VI «Айбын-2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-...
113348
VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Aibyn Sport Time онлайн мастер-класс...
107850
2020 жылдың 2 қазанында "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Айбын...
108036
2020 жылдың 5 қазанында "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында "Біз бі...
105335
2020 жылдың 6 қазанында сағат 9.00-де "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны а...
103665
VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-кездесу өтеді.
102205
Жиын қатысушылардың барлығы байқауға дайындық барысы туралы және «Айбын» әскери-патриоттық жиынын б...
101721
8 қазанда "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру және жұм...
101264
12-16 қазан аралығында онлайн-форматтағы "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиын...
104315
VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында әйгілі фотограф, Дельфий ойындарының...
99839
«Айбын» әскери-патриоттық жиынының барлық қатысушылары әрбір конкурс пен жарыстарда өзімен бірге жек...
99711
"Біз біргеміз" челлендждер байқауы аясында Жиынға қатысушы командалар бейне-челлендждер түсірді, онд...
101247
Бүгіннен бастап барлық ниет білдірушілер үшін онлайн-форматта "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-п...
98880
Еліміздің барлық өңірлерінен 39 команда қатысатын онлайн-форматтағы «Айбын-2020» VI Республикалық әс...
103656
VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Азаматтық...
96997
Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «А...
97944
Бүгін VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Нұр-сұлтан қаласы Азаматтық қо...
98084
VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Қол күресінен халықаралық дәрежедег...
98374
Бүгін "Айбын" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депу...
96458
"Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жиыны аясында 2020 жылғы 26-шы қазан мен 20-шы қараш...
102394
Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «А...
97330
VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Street workout бойынша Қазақстанның...
94710
2020 жылғы қазан айының 23-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы, халықаралық...
94123
2020 жылы 30 қазан күні ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-майор Таласов М. К. "Айбын 2020"...
100543
2020 жылы 5 қараша күні "Айбын-2020" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында әскери біл...
95058
2020 жылғы қараша айының 6 -сы жұлдызында Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогінің ие...
92379
14-і күні "Жас Сарбаз" Республикалық әскери- патриоттық қозғалысының негізі қаланғанына екі жыл толд...
92313
2 ай бойы өткен "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. Командалар тү...
95649
VI Республикалық онлайн форматта өткен Айбын әскери-патриоттық жастар жиынының жеке тәртіпте қатысуш...
97286
Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар...
93914
"Брейн-ринг" финалдық ойынының жеңімпазы "Айбын-2020" жиынының абсолютті жеңімпазы атанды
99169
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаныңда «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патрио...
88618
Бүгін,21 қаңтар күні ҚР ҚК Ұлттық әскери – паириоттық орталығында «Бүгінгінің батырлары» деген атаум...
69966
VII Республикалық «Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиыны биыл екінші мәрте онлайн кеңістікте, қ...
49485
2021 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі...
50789
«Айбын-2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта өтеді. Соңғы оқиғалар...
51319
«Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Биыл жиын тағы да онлайн форматта...
51122
Зияткерлік ойын 2021 жылы 7-8 қазан аралағында өтеді.
54547
Онлайн-форматтағы VII "Айбын-2021" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының бірінші байқауы –...
52975
Тоғызқұмалақ ойыны 2021 жылы 11-15 қазан аралағында өтеді.
83582
VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының екінші байқауы «Тоғызқұмалақ» ұлттық о...
35193
VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының екінші байқауы «Тоғызқұмалақ» ұлттық о...
60736
"Парыз" басқа мемлекеттердің аумақтарындағы жауынгерлік іс - қимыл ардагерлері "Республикалық қоғамд...
44530
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы Күштердің...
47197
«Айбын-2021» жиынының 3-ші байқауы «Smart Sarbaz-2021» өнертапқыштық байқауы 18-22 қазан аралығында...
44668
«Айбын-2021» жиынының жаңа енгізілген байқауы «Жас сарбаз - жас тілшісі» жас журналистер медиа-байқа...
79343
VII «Айбын - 2021» Республикалық әскери – патриоттық жастар жиынының үшінші байқауы «Smart Sarbaz -...
33353
“Айбын-2021” VII Республикалық әскери - патриоттық жастар жиынының 4-ші кезеңі - “Саламатты жас сарб...
34112
VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының бесінші байқауы «Айбын жұлдызы» шығарм...
75874
Онлайн - форматтағы "Айбын – 2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының "Жас Сарбаз-ж...
29953
VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының жетінші байқауы белтемірге тартылу бой...
94219
VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының "Айбын-2021" кезекті байқауы - қыздар арасында а...
36190
"Айбын-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының кезекті байқауы - "Мейірімділік бір...
30350
Бүгін, 2021 жылының 14 қараша жұлдызында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" Рес...
66009
"Айбын-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының соңғы байқауы - АК-74 толық бөлшект...
30665
смотреть больше новостей

Жиын туралы

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл бірегей әскери-патриоттық іс-шара. Мақсаты – елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезімдер мен ер-азаматтық қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіру болып табылады

Жиынның жылнамасы

«Қазақстан-2020: болашаққа бастар жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігі 2015 жылдан бастап жыл сайын «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізіп келеді.

Аудандық, қалалық, облыстық іріктеу турларына 55000-нан астам баланы қамтитын 2000-нан астам клуб қатысты. Олардың қорытындысы бойынша үздік әскери-патриоттық клубтар анықталады. Бес жыл ішінде «Айбын» әскери-патриоттық жиынының ақтық кезеңіне 3000-нан астам бала қатысты.

2015 жылы
Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері патриот болуға, клубтың абыройын арттыруға және ең жақсы қасиеттерін жетілдіруге ант қабылдады. Жиын іс-шараларына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен Қарулы Күштердің ардагерлері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты
2016 жылы
Жиын барысында алғаш рет әскери-патриоттық клубтардың жетекшілері үшін оқыту семинар-тренингтері және «Айбын жұлдызы» әскери-патриоттық клубтары түсірген фильмдер байқауы өткізіліп, киножүлделері табыс етілді, сондай-ақ, конкурстан тыс пейнтбол бойынша жарыстар өткізілді
2017 жылы
Жиын халықаралық форматта ұйымдастырылды. Оған Ресей Федерациясының тобы және Өзбекстан Республикасының бақылаушылары қатысты
2018 жылы
Жиынның ашылуы мен «Айбын алауы» кешіне ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова қатысты
2019 жылы
2019 жылы жиынның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ.К.Тоқаев қатысып, ол «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен бірге «Ұлы дала жас сарбазы-2050» уақыт капсуласын орнатты
2020 жылы
Жиын алғаш рет онлайн – форматта өтті. Оған топтық есепте 585 және жеке тәртіпте 2000 нан астам жас тәрбиеленуші қатысты
2015 жылы
Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері патриот болуға, клубтың абыройын арттыруға және ең жақсы қасиеттерін жетілдіруге ант қабылдады. Жиын іс-шараларына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен Қарулы Күштердің ардагерлері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты
2016 жылы
Жиын барысында алғаш рет әскери-патриоттық клубтардың жетекшілері үшін оқыту семинар-тренингтері және «Айбын жұлдызы» әскери-патриоттық клубтары түсірген фильмдер байқауы өткізіліп, киножүлделері табыс етілді, сондай-ақ, конкурстан тыс пейнтбол бойынша жарыстар өткізілді
2017 жылы
Жиын халықаралық форматта ұйымдастырылды. Оған Ресей Федерациясының тобы және Өзбекстан Республикасының бақылаушылары қатысты
2018 жылы
Жиынның ашылуы мен «Айбын алауы» кешіне ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова қатысты
2019 жылы
2019 жылы жиынның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ.К.Тоқаев қатысып, ол «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен бірге «Ұлы дала жас сарбазы-2050» уақыт капсуласын орнатты
2020 жылы
Жиын алғаш рет онлайн – форматта өтті. Оған топтық есепте 585 және жеке тәртіпте 2000 нан астам жас тәрбиеленуші қатысты

2015 – 2020 жылдардағы
жиын жеңімпаздары

Қарағанды қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Республикалық әскери мектеп-интернаты
Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-интернаты
Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектеп-интернаты
Павлодар облысы, «Қайсар» әскери-патриоттық клубы
Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-интернаты
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл және қару – жарақ басқару бастығы командасы, Приозерск қаласы
Қарағанды қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Республикалық әскери мектеп-интернаты
Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-интернатының тобы
Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектеп-интернатының тобы
Павлодар облысы, «Қайсар» әскери-патриоттық клубының тобы
Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-интернатының тобы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл және қару – жарақ басқару бастығы командасы, Приозерск қаласы

патриоттық жастар жиынының
жеке тәртіпте қатысушылар үшін
ЕРЕЖЕСІ

Жиынның бағдарламасы

«Айбын дарыны» зияткерлік ойыны;

«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны;

«Smart Sarbaz-2021» өнертапқыштар байқауы;

«Жас Сарбаз - Жас тілшісі» жас тілшілердің медиа - байқауы;

«Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету байқауы

«Мейірімділік біріктіреді» челлендждер байқауы;

Әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс: белтемірге тартылу, арқамен жатып денені көтеру, АК-74 толық емес шашып - жинау;

«Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы;

«Білім. Абырой. Жеңіс» финальдық ойын

Жүктеу үшін:

"Айбын Дарыны" зияткерлік ойыны (1-ші күн)

130740

2020 жылдың 29 қыркүйегінде "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн форматта "Айбын дарыны" интеллектуалдық ойынының I кезеңі өтті.

2020 жылдың 29 қыркүйегінде "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн форматта "Айбын дарыны" интеллектуалдық ойынының I кезеңі өтті. І кезеңнің қорытындысы бойынша 10810 балл жинаған "Барыс" әскери – патриоттық клубының өкілі Смаилова Айдана сенімді жеңіске жетті.
Ақтөбе облысының "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының қатысушысы Жангелдина Равина 10650 баллмен ІІ орынға жайғасты.
"Айбын дарыны" интеллектуалдық ойыны жалғасуда. Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға сәттілік тілейді!

Онлайн-форматтағы «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы

132980

Нұр-Сұлтан қаласында «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті.

Іс-шара ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.
«Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ашты. Министр қатысушыларға жарыста табыс пен рух сергектігін тіледі.
«Адал және табанды күресте жеңіске деген үміттеріңізді жоғалтпаңыздар, бастысы – жеңіс емес, осы жарыста жетілдіре алатын дағдылар», – деп жиынға қатысушыларды құттықтады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы «Айбын-2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің қонағы болды

126103

2020 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант М. К. Бектанов «Айбын 2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

Ол фронт-офистегі мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы және «Жас Сарбаз Медиа» студиясының жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, ҚР ҚК Бас штаб бастығына Aibyn мобильді қосымшасымен www.aibynonline.kz. веб-сайты таныстырылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өткізілген жұмыстарға жоғары баға беріп, Жиын қатысушыларына сәттілік тіледі.

"Айбын дарыны" - екінші күн

126223

2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-форматта «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойынының II кезеңі өтті.

Ең көп ұпай санын ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері – «Орленок» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Назарбек Елдар жинады, ұпай саны - 14420.
Екінші орында 12300 ұпай жинаған Павлодар облысы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Копишева Айгерім.
Көшбасшылар үштігінің соңында Қарағанды облысы, «Арлан» әскери - патриоттық клубының тәрбиеленушісі Брендель Арина 11640 ұпай жинады.
Байқаудың бейнематериалдары Жиынның ютуб-каналына youtube.aibynonline2020 салынатын болады.
«Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны жалғасуда. Жиынның ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға табыс тілейді!

БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН!

109631

Сен Қазақстан Республикасының азаматысың ба және сенің жасын 14 тен 18 дейін бе?
Сен ең ауқымды әскери-патриоттық жиынның бір бөлігі болғың келе ме?

Жиынға жеке тәртіппен қатысу үшін әр қатысушы 10 қазанға дейін жиынның www.aibynonline.kz. ресми сайтынан жүктеуге болатын "Aibyn" мобильді қосымшасына тіркелу қажет.
Қатысушыларды жеке тәртіпте "Aibyn" мобильді қосымшасында тіркеу бойынша нұсқаулық:
1) "Aibyn" мобильді қосымшасын телефонға жүктеу (Android қолданушылары үшін Play Market, iOS қолданушылары үшін AppStore-да);
2) "Тіркеу" белгісін басыңыз;
3) "Қалай тіркелуді" - "жеке конкурстар мен жарыстарда жеке тәртіпте қатысушы үшін» белгісін таңдау;
4) деректерді толтыру: тегі, аты, ЖСН, телефон нөмірі, электрондық пошта;
5) "Тіркеу" батырмасын басу.
Жеке тәртіппен қатысатын әр қатысушылар үшін конкурстық бағдарлама 3 турдан тұрады:
1 тур – "IQazaqstan" викторинасы 12-16 қазан аралығында өтеді және жалпы білім беретін пәндер, 2020 жылдың атаулы күндері және логика бойынша онлайн-тесттен тұрады.
Дене шынықтыру дайындығы бойынша 2 тур –"Жылдам. Биік. Күшті " жарысы 19 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді және қыздар үшін арқамен жатып денені көтеру (пресс) және ұлдар үшін кеудені жерден көтеру (отжимание) қамтиды.
3 тур – "Алға Қазақстан" шығармашылық байқауы 2-16 қараша аралығында өтеді. Әрбір қатысушы ұзақтығы 1 минуттан аспайтын патриоттық тақырыпқа (Отанға деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм, Отанды қорғау борышының қасиеттілігі және ұрпақтардың тарихи сабақтастығы) бейнеролик түсіруі тиіс.
Жүкте! Тіркел! Қатыс!Жеңіске жет!
«Айбын онлайн»: Өзіңнен асып түс!

«Айбын дарыны» интеллектуалдық ойынында жаңа көшбасшы пайда болды.

113348

2020 жылдың 1 қазанында VI «Айбын-2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-форматта «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойынының 3 күні өтті.

Конкурсты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы – Светлана Романовна Бектанова қатысты. Ол интеллектуалды ойынның онлайн көрсетілімін көріп, балалардың дайындық деңгейін және жалпы «Айбын-2020» әскери - патриоттық жиынының ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
3 күннің қорытындысы бойынша «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойынының айқын фавориті анықталды, ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі – «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Жаркенов Даниял болды, балл саны - 26580 балл.
Екінші орында 19750 балл жинаған, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Батыс» әскери – патриоттық клубының тәрбиеленушісі Иманова Аружан орналасты.
Көшбасшылар үштігін ҚР ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің «Жеңіс» әскери - патриоттық клубының тәрбиеленушісі Курарова Диана аяқтайды, ол 14470 балл жинады.
2 қазан күні «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойынының жеңімпазы анықталатын қорытынды күн өтеді.
Жиынның ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға табыс тілейді!

"AIBYN SPORT TIME" онлайн-мастер-класс 2020 жыл 3 қазан сағ.10.00

107850

VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Aibyn Sport Time онлайн мастер-классы өтеді

Мастер-класс ТМД және Еуропа елдерінде заманауи билер бойынша бірнеше дүркін чемпионы Сейфуллин Бауыржанмен өтеді.
Сіздерді 3 қазан күні сағат 10.00-де Instagram @aibyn_online әлеуметтік желісінде күтеміз.

"Айбын дарыны" зияткерлік ойыны аяқталды

108036

2020 жылдың 2 қазанында "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны аяқталды

Байқау нәтижелері Жиынның ресми Ютуб-арнасында жарияланады - youtube.aibynonline2020.

"Біз біргеміз" челлендждер конкурсы басталады

105335

2020 жылдың 5 қазанында "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында "Біз біргеміз" челлендждер байқауы басталады.

Бейнені жүктеу 2020 жылдың 6 қазанында сағат 09.00-ден Instagram әлеуметтік желісінде басталады. Челлендждер байқауы 2020 жылғы 11 қазан күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Жеңімпаздар Жиынның ресми әлеуметтік желісі Instagram-дағы лүпілдер, репосттар, комментарилері ең көп саны бойынша анықталады. Конкурс үшін баллдар жалпы командалық есепте есептеледі. Барлық қатысушыларға сәттілік!

"Biz Birgemiz" үздік челленджі үшін онлайн-дауыс беру басталды.

103665

2020 жылдың 6 қазанында сағат 9.00-де "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-форматта "Biz Birgemiz" үздік челленджіне онлайн-дауыс беру басталды.

Командалардың бейне челлендждары Instagram әлеуметтік желісінде "Айбын" Жиынының ресми парақшасында - @aibyn_online жарияланды. Дауыс беру 10 қазан күні сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
Челлендждер байқауын өткізудің негізгі мақсаты-өскелең ұрпақтың игі істерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және "Біз біргеміз" еріктілер жылының басты құндылықтарын дәріптеу.
Ең көп лүпіл, қаралым, пікір, репост жинаған челлендж бейнежазбасы жеңімпаз деп танылады.
Барлық қатысушыларға сәттілік!

2020 жылдың 8 қазанында сағ.15.00 –де «Айбын алаңы» аясында онлай-кездесу

102205

VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-кездесу өтеді.

VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында ҚР ҚК БШ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің өкілі полковник Сарин Арман Кәкімұлымен мерзімді әскери қызметті өткеру мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтеді.Сіздерді 8 қазан күні сағат 15.00-де Google meet онлайн-платформасында күтеміз!

«Айбын-2020» жиынының барлық командаларына

101721

Жиын қатысушылардың барлығы байқауға дайындық барысы туралы және «Айбын» әскери-патриоттық жиынын басқа командалар мен ұйымдастырушыларға өз тілектерін бейнероликке түсіріп жіберуге мүмкіндігі бар.

Бейне барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс және «Жас Сарбаз» қозғалысының киім үлгісінде болуы керек. Бейнероликтерді patriotkz2017@gmail.com поштасына жіберу қажет.
Алдағы уақытта бейнероликтер жиынның Ютуб-арнасында орналастырылатын болады.

«Айбын алаңы» - мерзімді әскери қызметті өткеру туралы онлайн-кездесу

101264

8 қазанда "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментінің өкілі полковник Сарин Арман Кәкімұлымен мерзімді әскери қызметті өткеру туралы онлайн-кездесу өтті.

Арман Кәкімұлы кездесуге қатысушыларға мектеп оқушысы бола тұра әскерде мерзімді қызмет өтеуге қалай дайындалу керек, мерзімді әскери қызметке іріктеу қандай тәртіппен жүргізілетінің және қандай жағдайларда әскери қызметтен босатылатыны туралы айтып берді. Қатысушыларды пандемия кезіндегі шақырудың ерекшеліктері мен өзгерістері туралы мәселесі де қызықтырды.
Интерактивті онлайн-кездесу соңында Арман Кәрімұлы барлық қатысушыларға сәттілік, ал ең мықтыларға жеңіс тіледі!

12-ші қазаннан бастап "Смарт Сарбаз-2020" робототехника бойынша өнертапқыштық байқау басталады

104315

12-16 қазан аралығында онлайн-форматтағы "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында робототехника бойынша "Смарт Сарбаз-2020"өнертапқыштық байқауы өтеді.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1-ші кезеңде қатысушылар робототехника саласындағы өз әзірлемелерін бейне форматында ұсынады. 2-ші турда қатысушылар төрешілер алқасының мүшелерімен бірге Google Meet платформасы арқылы тікелей эфирге шығады. онда өз роботының мүмкіндіктерін көрсетеді.
Конкурс ережесімен және кестесімен жиынның ресми сайтында танысуға болады.

«AIBYN TALKS» 2020 жылдың 10 қазанында мобилография бойынша мастер-класс

99839

VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында әйгілі фотограф, Дельфий ойындарының жүлдегері – Нукен Камашевпен мобилография бойынша мастер-класс өтеді.

10 қазан күні сағат 16.00-де Googlemeet платформасында баршаңызды асыға күтеміз!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

99711

«Айбын» әскери-патриоттық жиынының барлық қатысушылары әрбір конкурс пен жарыстарда өзімен бірге жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі болуы қажет.

Бұл команда жетекшілерінің талабы.

"Біз біргеміз" челлендждер байқауының жеңімпаздары анықталды

101247

"Біз біргеміз" челлендждер байқауы аясында Жиынға қатысушы командалар бейне-челлендждер түсірді, онда қатысушылар бірлікті нығайтуға, өскелең ұрпақты біріктіруге, мейірімді істерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға және "Біз біргеміз"еріктілер жылының басты құндылықтарын насихаттауға шақырады.

Командалардың бейнероликтері Instagram әлеуметтік желісінің @aibyn_online ресми парақшасында жарияланды. Байқау жеңімпаздарын әлеуметтік желінің қолданушылары анықтады. Осылайша, челлендждері ең көп қаралым, лүпіл, комментарий мен репосттарды жинаған командалар жеңімпаз атанды.
Байқау нәтижелерімен Aibynonline2020 Жиынның ресми Youtube-арнасынан танысуға болады: https://youtu.be/O5QcxARx8nQ

"Айбын-2020" барлық ниет білдірушілер үшін басталды

98880

Бүгіннен бастап барлық ниет білдірушілер үшін онлайн-форматта "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Барлық байқаулар мен жарыстар AppStore және PlayMarket-тен жүктеуге болатын Aibyn мобильді қосымшасында өтеді. Жеке тәртәпте қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 16 қазанына дейін жалғасады.

Жеке тәртіпте қатысушылар үшін "Айбын" жиыны 3 турдан тұрады:
1-тур - "IQAZAQSTAN" зияткерлік викторинасы 2020 жылғы 13-16 қазан аралығында жалғасады. Қатысушылар жалпы білім беру пәндері, 2020 жылдың атаулы күндері және логика бойынша 30 сұраққа жауап беруі керек.
2 тур - дене шынықтыру дайындығы бойынша "Жылдам. Биік. Күшті" жарысы 2020 жылдың 19 қазанынан 2 қарашасына дейін өтеді және қыздар үшін арқада жатып денені көтеру (пресс) және ұлдар үшін еденнен кеудені көтеру жаттығуларын қамтиды.
3 тур – "Алға, Қазақстан" шығармашылық конкурсы»
2020 жылғы 2-16 қараша аралығында өтеді. Әрбір қатысушы ұзақтығы 1 минуттан аспайтын патриоттық тақырыпқа (Отанға деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм, Отанды қорғау борышының қасиеттілігі және ұрпақтардың тарихи сабақтастығы) бейнеролик түсіруі тиіс.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Айбын-2020: Өзіңнен асып түс!

Онлайн-форматтағы «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының 3-ші аптасы

103656

Еліміздің барлық өңірлерінен 39 команда қатысатын онлайн-форматтағы «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының 3-ші аптасы өтуде. Қатысушылардың жалпы саны 585 адамды құрайды.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет Жиынға Қазақстан Республикасының 14-18 жас аралығындағы барлық ниет білдірген азаматтары қатысады. Қазіргі уақытта жеке тәртіпте 1520 қатысушы тіркелген.
«Айбын-2020» жиынының 2 байқауы – «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны және «Біз біргеміз» челлендждер байқауы аяқталды.
«Біз біргеміз» челлендждер байқауы аясында командалардың бейнероликтері жалпы алғанда 30 миллионнан астам қаралым жинады.
Еліміздің миллиондаған тұрғындары жиынға қатысушылардың бірлікті нығайтуға, өскелең ұрпақты біріктіруге, игі істерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға және «Біз біргеміз» волонтерлер жылының басты құндылықтарын танымал етуге шақырғанын көрді.
Жиынның өткен 2 аптасында тартылған жастардың саны өткен жылдардағы жиындардың орташа статистикалық көрсеткішінен 4 есе асып түсті.
Егер «Айбын» жиынын өткізудің барлық 5 жылында оған 3000-нан астам тәрбиеленуші қатысса, биыл жиынға 2000-нан астам адам қатысады.
Жиынның байқаулары мен жарыстарын өткізу барысын нақты уақыт режимінде әлеуметтік желілерде және жиынның ресми сайтында www.aibynonline.kz көруге болады.
Instagram @aibyn_online ресми бетінде жазылушылар саны 12000-нан астам пайдаланушыны құрады, аккаунттарды қамту - 400 000 астам адам. «aibynonline2020» YouTube арнасында жазылушылар саны 2000-нан астам адамды құрады. «Aibyn_online» Телеграм-арнасында жазылушылар саны 2500 адамға жетті.
Апта сайын жиынға қатысушылар, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер Instagram және Google Meet-тегі ашық алаңдарда тікелей эфирде өтетін онлайн мастер-класстар мен кездесулерге қатысады.
Қатысушылар көптеген қызықты нәрселерді күтеді!

2020 жылдың 8 қазанында сағ.15.00 –де «Айбын алаңы» аясында онлай-кездесу

96997

VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері - подполковник Раимбеков Эльдор Әлімғазыұлымен онлайн-кездесу өтеді.

Сіздерді 16 қазан күні сағат 15.00-де Google meet онлайн-платформасында күтеміз!

2020 жылғы 16 қазанында Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы «Айбын 2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

97944

Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «Айбын ТВ» студиясында интервью берді және Қарулы Күштер ардагерлеріне, Ауған соғысы ардагерлеріне үндеу жолдады.

Сондай-ақ, Әлімжан Қанағатұлы Aibyn мобильді қосымшасымен www.aibynonline.kz. веб-сайты таныстырылды. Әлімжан Қанағатұлы өткізілген жұмыстарға жоғары баға беріп, Жиын қатысушыларына сәттілік тіледі.

“Айбын алаңы” – өмір қауіпсіздік негіздері бойынша онлайн-кездесу

98084

Бүгін VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Нұр-сұлтан қаласы Азаматтық қорғаныс департаментінің аға офицері-подполковник Раимбеков Эльдор Әлімғазыұлы онлайн - кездесу өтті.

Эльдор Әлімғазыұлы кездесу қатысушыларына орын алуы мүмкін төтенше жағдайлар туралы халыққа хабар беру, оқыту жұмыстары қалай жүргізілетіні туралы және елімізде ең көп туындайтын төтенше жағдайлар туралы айтып өтті.
Интерактивті кездесу соңында Эльдор Әлімғазыұлы "Айбын" жиынының барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

"Aibyn Sport Time" - Сергей Цырульниковпен мастер-класс

98374

VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Күштік нөмірлері бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульниковпен мастер-класс өтті.

Instagram-да тікелей эфирде жиынға қатысушыларға Сергей Цырульников өзінің арсеналынан бірнеше трюк көрсетті: ол қолмен шегелерді қалай бүгуге, қалың күнтізбені жыртуға және көптеген қызықты нәрселерді көрсетті. Мастер-класс соңында Сергей Цырульников "Айбын" жиынының барлық қатысушыларына сәттілік тіледі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл "Айбын-2020" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

96458

Бүгін "Айбын" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен кездесу өтті.

Мәжіліс депутатына VI Республикалық "Айбын-2020" әскери-патриоттық жастар жиынының фронт – офисі мен "Айбын ТВ"студиясы таныстырылды.
Кездесу барысында Бақытбек Смағұл жас сарбаздардың қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Ол патриотизм, батылдық сияқты ұғымдар туралы айтты. Оның әңгімелерінен жас патриоттар өз елінің тарихы туралы білімдерін тереңдетті. Ол өскелен ұрпақтың нағыз патриот болуы үшін Бауыржан атамыздың шығармаларын оқуға кеңес беріп, бірнеше шығармаларын тізбектеп өтті.
Кездесу соңында Бақытбек Смағұл "Айбын"жиынының барлық қатысушыларына сәттілік тіледі!

2020 жылдың 23-ші қазанында жиынға қатысушы командалардың басшыларымен және әскери-патриоттық клуб өкілдерімен бейне-конференция өткізілді

102394

"Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жиыны аясында 2020 жылғы 26-шы қазан мен 20-шы қараша аралығында өтетін әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды түсіндіру бағытында онлайн бейне-конференция өтті.

Конференция барысында тікелей эфирде жиын ережесі мен регламенті нақтыланды және алдағы жиын жарыстарында командалардың сайысқа қатысу тәртібінің онлайн-жеребесі өтті.
Жеребе нәтижелері төмендегі суретте көрсетілген.

2020 жылғы қазан айының 23-ші жұлдызында Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Марат Сералиұлы Нагуманов «Айбын 2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

97330

Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «Айбын ТВ» студиясында интервью берді және Қарулы Күштер ардагерлеріне үндеу жолдады.

During the visit, he got acquainted with the work of the front office: the Department of monitoring, coordination and interaction with the regions, gave an interview in "Aibyn TV" Studio and addressed the veterans of the Armed Forces.

«AIBYN SPORT TIME» 2020 жылдың 24 қазанында street workout бойынша мастер-класс

94710

VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Street workout бойынша Қазақстанның бас жаттықтырушысы – Айтым Жакуповпен street workout бойынша мастер-класс өтеді.

24 қазан күні сағат 12.00-де Instagram желісінде баршаңызды асыға күтеміз!

Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы "Айбын онлайн-2020" фронт-офисінің қонағы болды

94123

2020 жылғы қазан айының 23-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржігітова Дана Өмірбайқызы «Айбын 2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «Айбын ТВ» студиясында интервью берді, онда қазіргі жастардың патриотизмі туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Сондай-ақ, Дана Өмірбайқызына Aibyn мобильді қосымшасымен www.aibynonline.kz. веб-сайты таныстырылды. Дана Нұржігітова өткізілген жұмыстарға жоғары баға беріп, Жиын қатысушыларына сәттілік тілеп, Жиынның барлық қатысушыларына фортепианода қазақтың әйгілі туындысын орындап, музыкалық сыйлық жасады.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары "Айбын 2020" фронт-офисінің қонағы болды

100543

2020 жылы 30 қазан күні ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-майор Таласов М. К. "Айбын 2020" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің қонағы болды»

Аралау кезінде ол белтемірге тартылу бойынша жарыстың өткізілу барысын қарап, фронт-кеңсенің: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторының, "Айбын ТВ" студиясының, жиын жеңімпаздарына арналған тарату өнімдері мен сыйлықтардың жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, оған веб-сайт www.aibynonline.kz және Aibyn мобильді қосымшасы таныстырылды.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.Қ. Таласов Жиынның қатысушыларына сәттілік және мықтыларға жеңіс тіледі.

«Айбын алаңы» - жоғары әскери оқу орындарына түсу туралы онлайн-кездесу

95058

2020 жылы 5 қараша күні "Айбын-2020" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында әскери білім мен ғылым департаментінің бастығы полковник Балабеков Нұржан Нұрмаханұлымен және подполковник Зикирин Сәкен Серікбайұлымен әскери білім мен жоғары әскери оқу орындарына түсу тақырыбында кездесу өтті.

ӘБжҒД өкілдері "Айбын" жиынының қатысушыларына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары, "Жас Ұлан" республикалық мектептері, оқуға түсу ережелері, дайындық кезеңдері туралы айтып, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында спикерлер қатысушыларға "Айбын" жиыны жарыстарының өтуіне сәттілік тіледі.

Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бахтияр Артаев VI "Айбын" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны фронт-офисінің жұмысымен танысты.

92379

2020 жылғы қараша айының 6 -сы жұлдызында Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогінің иегері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, боксшы Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлымен «Айбын 2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «Айбын ТВ» студиясында интервью берді, онда қазіргі жастардың патриотизмі туралы өз көзқарасымен бөлісті, спорттық мансабы жайлы кеңінен айтып, жастарды спортпен айналасуға шақырды.
Сондай-ақ, Бақтияр Ғарифоллаұлына Aibyn мобильді қосымшасы мен www.aibynonline.kz. веб-сайты таныстырылды. Ол өткізілген жұмыстарға жоғары баға беріп, Жиын қатысушыларына сәтілік тіледі!

«Жас Сарбаз» - бізге 2 жыл!

92313

14-і күні "Жас Сарбаз" Республикалық әскери- патриоттық қозғалысының негізі қаланғанына екі жыл толды. Бүгін, еліміздің қуатты күші- жастарымызды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып жүрген қозғалыстың мерекесі аталып өтілді.

Аптаның сенбісіне қарамастан, қызу іс- шаралар легі таңнан басталды.
Республикалық "Жас Сарбаз" қозғалысының төрағасы Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы жас сарбаздарды құттықтап, ақ тілегін білдіріп, барша жастармен бірге екендігін білдірді.
Кезекті шара Жас Сарбаз қатарын толықтыруға құлшынысты жасөспірімдермен "Жас Сарбаз" қозғалысының салтанатты антын қабылдау рәсімімен жалғасты.
Бүгінде елордамыздың 1000 оқушысына онлайн-форматта "Жас Сарбаз" куәлігі мен төсбелгісі табысталды.
2 жыл – бұл үлкен жолдың бастамасы ғана. Күн сайын Жас Сарбаздармен атқарылатын жұмыстардың саны артып келеді. Оның дәлелі ретінде 2018 жылдан бастап әскери-патриоттық клубтардың саны 2828-ден 6640-қа дейін өсті. Ал олардың тәрбиеленушілерінің саны 74 164-тен 195 886-ға дейін жетті.

Онлайн-форматтағы VI «Айбын-2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының нәтижелері

95649

2 ай бойы өткен "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. Командалар түрлі байқаулар мен жарыстарда күш сынасты, жеңімпаздардың есімдері белгілі.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында:
1-ші орын- "Жас қыран" әскери-патриоттық клубы, Шығыс Қазақстан облысы;
2-ші орын- "Барыс" әскери-патриоттық клубы, Түркістан облысы;
3-ші орын- "Жетісу тарландары" әскери-патриоттық клубы, Алматы облысы.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында:
1-ші орын- "Сағадат" әскери-патриоттық клубы, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы;
2-ші орын - "Батыс" әскери-патриоттық клубы, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы»;
3-ші орын- "Патриот" әскери-патриоттық клубы, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.

"Жас Ұлан" Республикалық мектептерінің командалары арасында:
1-ші орын - "Жас Ұлан" Республикалық мектебі, Нұр-Сұлтан қаласы;
2-ші орын - "Жас Ұлан" Республикалық мектебі, Алматы қаласы;
3-ші орын - "Жас Ұлан" Республикалық мектебі, Шымкент қаласы.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жеке тәртіпте VI "Айбын-2020" әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушылардың нәтежисі

97286

VI Республикалық онлайн форматта өткен Айбын әскери-патриоттық жастар жиынының жеке тәртіпте қатысушылары 2 айға жуық уақыт бойы өткізілген тартысқа толы байқаудың нәтежиесін жариялайтын сәтте жетті.

Арнайы сіздер үшін жасалған "Айбын" мобильді қосымшасына қатысуға өтініш бергендер саны 1520 дан асты.
Бұл, биылғы жағдайды ескерсек, үлкен жетістік.

Шын мықтылардан оза шығып, жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар:
1-орын - Накеш Адлет, Ақтөбе облысы, Қобда мектеп-гимназиясы
2-орын - Каракулова Аружан, Қобда мектеп-гимназиясы
2-орын - Атантаев Руслан - Қарағанды қаласы, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені
3-орын - Коптелова Галина- Семей қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі
3-орын - Байдильдин Эльдар - Қарағанды қаласы, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені

Құттықтаймыз!

2020 жылдың қараша айының 26 жұлдызында VI «Айбын-2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті

93914

Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, жеке тәртіпте және «Үздік Жас сарбаз» номинациясында үздік командалар капитандары, жиынның жеңімпаздары қатысты. Бейне байланыс арқылы онлайн-форматта жиынның жабылу салтанатына VI "Айбын-2020" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының барлық командалары қатысты.

1-орын алған жиын жеңімпаздары:
- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтары арасында – Шығыс Қазақстан облысының "Жас қыран" әскери-патриоттық клубы;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-патриоттық клубтары арасында - ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басшысының басқармасы "Сағадат" әскери-патриоттық клубы;
- "Жас Ұлан" Республикалық мектептері арасында – Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас Ұлан" республикалық мектебі, Нұр-Сұлтан қаласы.

"Брейн-ринг" финалдық ойынында жеңіске жеткен ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басшысы басқармасының "Сағадат" әскери-патриоттық клубының командасы VI "Айбын-2020" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының абсолютті жеңімпазы, Гран-при иегері атанды.

"Үздік Жас сарбаз" номинациясында Түркістан облысы "Барыс" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі, робототехника бойынша "Смарт сарбаз" байқауында І орын алған Әбдібек Қуаныш жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, 1-ші орын алған командалар электросамокаттар, Гран-при – "Smart Sarbaz" сыныбын сыйлыққа алды. Барлық қатысушылар жиынға қатысқаны туралы сертификат алды.

«Мен жеңімпаздарды құттықтаймын. Барлық қатысушыларға үздік болуға тырысқандары үшін алғысымды білдіремін. Сіздер бәріңіз әскери іспен танысып, армия мен Қарулы Күштердің тарихы туралы білдіңіздер, жетістіктеріңіз, білімдеріңіз бен ептіліктеріңізді көрсеттіңіздер, жаңа достар таптыңыздар, өздеріңізді беріктікке сынап көрдіңіздер», – деп Нұрлан Ермекбаев атап өтті.

VI "Айбын-2020" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының абсолютті жеңімпазы

99169

"Брейн-ринг" финалдық ойынының жеңімпазы "Айбын-2020" жиынының абсолютті жеңімпазы атанды

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, "Жас Ұлан" Республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп-интернаттары арасында үздік деп танылған командалар "Брейн-ринг" финалдық ойынында бақ сынады.

Финалдық ойында тікелей эфирде Шығыс Қазақстан облысының "Жас қыран" әскери-патриоттық клубының, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының "Сағадат" әскери-патриоттық клубының, Нұр-Сұлтан қаласының "Жас Ұлан" Республикалық мектебінің командалары кездесті.

1-ші турда командаларға Қазақстанның әскери тарихы бойынша 5 бейне-сұраққа жауап беру қажет болды.
2-ші турда қатысушылар математикалық есептердің айнымалын қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларына ауыстырылып, шешті.
3-ші турда командалардың капитандары мобильді қосымшаны қолдана отырып, әртүрлі тақырыптар бойынша экспресс-тестке жауап берді.

"Брейн-ринг" финалдық ойынының 3 турының қорытындысы бойынша жиынның абсолютті жеңімпазы, Гран-при иегері анықталды. Ол Қарағанды облысының Приозерск қаласынан ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасының "Сағадат" әскери-патриоттық клубының командасы болды.

"Сағадат" әскери-патриоттық клубы VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік нәтижелер көрсетті:
- "Біз біргеміз" челлендждер байқауында – 2-ші орын»;
- Берпи бойынша – 1-ші орын;
- Белтемірге тартудан – 2-ші орын;
- Арқада жатып денені көтеру бойынша 1-ші орын;
- АК-74 толық бөлшектеу және құрастыру бойынша – 2-ші орын;
- жалпы әскери қорғаныс жиынтығын мен газқағар кигізу бойынша - 1-ші орын.

Нұр-Сұлтан қаласында жиынның жабылу салтанатына "Сағадат" командасының капитаны Ізбасар Ғабит қатысты. Ол Гран-при және І орын үшін марапатты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың қолынан алды. Команда кубокпен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды: Гран-при үшін – "Smart Sarbaz" сыныбымен және І орын үшін – электросамокаттармен.

"Сағадат" әскери-патриоттық клубының командасын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Жас Сарбаз - Мәңгілік ел ұланы» экспозициясының ашылуы

88618

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаныңда «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысына арналған «Жас Сарбаз - Мәңгілік ел ұланы» экспозициясының лентасын Қорғаныс министрі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі және Білім және ғылым вице-министрі қиды.

«Жас Сарбаз - Мәңгілік ел ұланы» экспозициясы Елбасымыздың бастамасымен құрылған төл тарихын білетін, бүгінің бағалайтын, Тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өрендерді біріктіретін айбынды жас сарбаздардың жаңа символы!

Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, қазіргі және болашақ жастарды біріктіретін «Жас Сарбаз - Мәңгілік ел ұланы» экспозициясы әскери-патриоттық жастар қозғалысының 2 жылдық тарихында алғашқы рет әскери-патриоттық тәрбиелеу жолындағы істердің жұмылдыру мақсатында ашылған алаң.

Бейбіт күннің батырлары: Һәм ерлік жасау мейірімнен бе әлде міндет пе?

69966

Бүгін,21 қаңтар күні ҚР ҚК Ұлттық әскери – паириоттық орталығында «Бүгінгінің батырлары» деген атаумен қаҺармандық танытып, 3 баланың өміріне араша түскен азаматтарды марапаттау рәсімі болып өтті.

Айта кетелік, бұл төтенше жағдай 12 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыбұлақ көшесінде орын алған болатын.
Жағдайы қиындаған, төтенше жағдайға тап болған балалар көмекке шақырған. Балалардың дауысын ести сала сол маңда өтіп бара жатқан Нариман, Бауржан,Ержан есімді азаматтар бей-жай қарамай көмектесуге ұмтылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізіп, баларды үйіне жеткізіп соңына дейін бар көмегін аямаған.
Осындай табандылығы мен адамгершілік қасиетінің биігінен көрінге бұл азаматтар марапатқа әбден лайық.
Осы орайда, Республикалық «Жас Сарбаз» жасөспірімдер қозғалысы, «Жас Сарбаз» қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімшіліг бірге, ерлік танытқан бүгінгінің батырларына алғыс хат жариялап, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Кездесу барысында, Республикалық «Жас Сарбаз» жасөспірімдер қозғалысының төрағасы Мейірбек Оразұлы сөз алып:
- «Сіздер еліміздің нағыз патриоттарысыздар. Бүгінгі күні жастардың бойында осындай ерлік жасай алатын мейірімділік бары қатты қуантады. Ел басына күн туған сәтте, ойланбастан қол ұшын созу адамзаттың ең ұлы қасиетінің бірі, азаматтық парызы. Қиын жағдайға түскен бауырына ойланбастан көмек көрсетуді екінің бірі жасай бермейді. Сондықтан да сіздерге алғысымды білдіремін, сіздерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға рахмет!» - деп өзінің шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Кездесудің құрметті қонағы ретінде шақырылған Нұр-сұлтан қаласы жастар саясаты басқармасының бөлім басышысы Тастемір Ақұлан Өсерұлы да өзінің жүрекжарды тілегі мен алғысын жеткізді.
«Жаугершілік заман өткенімен, тәуелсіз елімізде түрлі төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондай сәтте, басының қамы үшін емес, елінің тыныштығын күзетуге асығатын сіздердей азаматтар барына қуанаамыз,. Сіздер Елорданың батырысыздар. Өзгелерге үлгі болып, батырлық сезімдерін оятасыздар. Өз атымнан, халық атынан шынайы алғыс білдіремін. Бүгінгінің батырларын ел білуі тиіс» -деп, сөзін қортындылады жастар жанашыры.
Кездесу барысында оқиғаның басты кейіпкерлеріне де сұрақ қойылып, оқиға туралы кеңірек баяндап берді.
Балалардың жанайқайын алғаш естігеннің бірі Бауржан Қуатұлы.
15 күн бұрын ғана Отан алдындағы борышын өтеп келген азамат, сол күні Төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа тұру мақсатында норматив тапсыруға шыққанын айтты. Кенеттен балардың көмекке шақырғанын естіп,жүгіре жөнелдік дейді. Мемлекеттің ең басты байлығы – халық. Оның әр тұрғының өмірі қымбат. Әсіресе баларға көмек көрсете алғаныма қуанамын дейді. Сөз кезегін Қарағанды қаласындағы батыр Т. Бегелдинов атындағы № 58 әскери-мектеп интернатының түлегі, бүгінде «Қазақстан спорт кеңесі» төағасының орынбасары қызыметін атқарып жүрген Нариман Бейсембайұлы жалғады.
«Бала күнімнен бізді елдің нағыз патриоты болуға, Отанға адал қызмет етуге, барынша қайырымдылық жасауға тәрбиеледі. Ерлік туа біткен қасиет емес, тәрбиенің жемісі деп Батыр букең айтқандай –ақ мейірімді болуға әрқашан тырысып келемін. Кішкентайымнан ерлік жкасауды армандайтынмын. Соларманымның орындалғанына қуанамын. Иә, бұл ісіе кеуде керіп мақтанбаймын, деседе кез –келген адам бұндай жағдайға жай қарамасы анық. Әрқашан ел үшін еңбек етемін» -деп жігерлене түсті.
Оқиығаның кезекті батыры Ержан Жанатұлы жақында ғана сайлауға түсіп, елге қайтсем пайдам тиеді деп ойланып жүргем. Керек уақытта, керек кезде сол жерден табылғаным сәйкестік деп ойламаймын. Бәрі адамының қолынан келетін іс. Бастысы дұрыс қойылған ниет. Мен де әрқашан қайырымды болып, қолдан келген әр көмегімді аямауға тырысып келемін. Көмек көрсетен алғаныма ризамын» деп кездесудің нүктесін қойды.
Заманауи батыр деп те, ерлік жасадық деп те мақтанудан аулақпыз. Әрқашан еліміздің өркендеуіне ат салысамыз.
Бүгін шақырып, мәртебе көрсетіп жатқандарыңыз үшін рақмет. Сіздердей, Республика көлемінде жұмыс жасайтын әскери-патриоттық қозғалыстың болуы көңілге қуаныш ұялатады. Істеріңізге табыс тілейміз деп тарқасты азаматтар.
Өз кезегімізде бізде, елім дейтін, адамгепршілік биігінен көрініп, парасат майданының дарабозы болар Жастар көп болсын дейміз.

«Айбын-2021» онлайн кеңістікте өтетін болады

49485

VII Республикалық «Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиыны биыл екінші мәрте онлайн кеңістікте, қазан айының 6 жұлдызы мен қараша айының 30 аралығында өткізілмек.

«Айбын – 2021» Жиыны ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Биыл қатысушылар саны екі есеге артып, Жиынға қатысушы командалар саны 74 – ке жетті. Еліміздің барлық аймағынан 1110 жас патриоттар қатысады.
Топтық қатысудан бөлек, 14 – 18 жас аралығындағы кез –келген жасөспірім Жиынға жеке тәртіпте қатыса алады.

Жиын барысында қатысушыларды қызықты байқаулар мен сайыстар күтуде:
- «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны;
- «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы;
- «Мейірімділік біріктіреді» челлендждер байқауы;
- «Smart Sarbaz-2021» өнертапқыштар байқауы;
- «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету байқауы;
- әскери – қолданбалы спорт түрлерінен байқау;

Сонымен қатар, биылғы Жиында жаңа байқаулар қосылды: «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны, «Жас Сарбаз – Жас тілшісі» жас журналисттердің медиа – байқауы;
Барлық байқаулардың қортындысы бойынша Жиынның көшбасшылары нағыз жеңімпазды анықтайтын «Білім. Абырой. Жеңіс» байқауында бақ сынайды.
«Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!» - Жиынның биылғы ұраны дәл осындай.

Жетінші жыл «Айбын» өзіне тек мықтыларды жинауда. Күмансыз, «Айбын - 2021» жас патриоттар үшін биылғы жылдың ең үлкен оқиғасы болмақ!
Іске сәт, жас дос!

"Айбын-2021" жиынында жас патриоттарды не күтеді

50789

2021 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Айбын" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын онлайн-форматта өткізуге арналған брифинг өтті.

Брифингке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы - генерал-майор С. Ж. Борамбаев және "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы - капитан М. О. Меңдіғалиев қатысты.

Брифинг барысында 2021 жылдың 6 қазаны мен 30 қарашасы аралығында өтетін "Айбын" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының онлайн форматта өткізілуі жарияланды.

- Байқаулардың барысын интернет-пайдаланушылар http://aibynonline.kz ресми веб-сайты және "Aibyn" мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады. Бұл оларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Бас штаб бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев.

Биыл "Айбын" жиынын өткізу ерекшеліктері:
Жиынға қатысушылардың санын 2 есеге арттыру. Егер өткен жылдары қатысушылар саны 300-ден 500-ге дейін өзгерсе, биыл қатысушылар саны 1110 адамды құрады. Бұл еліміздің барлық өңірлерінен келген 74 қатысушы команда: қалалар мен облыстардың 51 әскери-патриоттық клубы, Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 17 әскери-патриоттық клубы, сондай-ақ "Жас Ұлан" республикалық (облыстық) мектептерінің 5 командасы және С. К. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің командасы. Сонымен қатар, жиынға қатысушы командалардан басқа, жеке байқаулар мен жарыстарға "Айбын" мобильді қосымшасында тіркелген және байқау мен жарыстардың барлық шарттарын орындаған 14-18 жас аралығындағы әрбір адам жеке тәртіпте қатыса алады.

Биылғы жылы жиын бағдарламасында "Жас Сарбаз – жас тілші" Жас корреспонденттер байқауы және Тоғыз-құмалақ ұлттық ойыны бойынша онлайн-турнир сияқты жаңа жарыстар пайда болды. Алғаш рет тұрақты негізде "Жас Сарбаз Хаб" коворкинг-орталығы іске қосылады. Бұл ресурста жиынның фронт-офисі, брифинг залы және "Жас Сарбаз медиа" студиясы өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, әр сенбі сайын қатысушыларды мастер-класстар, тренингтер және қызықты адамдармен кездесулер күтеді. Жарыс тұжырымдамасы, ережесі, регламенті ресми веб-сайтта орналастырылған. Жеңімпаздарды марапаттау және жиынның жабылу салтанаты 30 қарашада "Егемен Елдің ертеңі – Мен Жас Сарбаз" бірінші жас патриоттар форумы аясында өтеді. Оған жүлделі орындарға ие болған командалардың капитандары қатысады. "Айбын" жиынына қатысушыларға қалған сыйлықтар салтанатты рәсімнің онлайн-трансляциясы аяқталғаннан кейін өңірлерге жеткізіліп, жергілікті жерлерде гарнизондар басшылығы мен Қарулы Күштер ардагерлері беріледі.

Сондай-ақ, биылдан бастап, еліміздің барлық аймақтары арасында патриоттық бағытта ең үздік жұмысты ұйымдастырғаны үшін арнайы номинация енгізілді. Жиын қортындысы бойынша патриоттық аймаққа немесе республикалық маңызы бар қалаға «Патриоттар мекені» ауыспалы кубогы тапсырылады.

Айта кетейік, "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол қазірдің өзінде танымал болды және оның дәстүрлері пайда болды.

«Айбын-2021» жиыны туралы ақпаратты қайдан табуға болады?

51319

«Айбын-2021» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта өтеді. Соңғы оқиғалар туралы хабардар болу үшін Жиынның ресми әлеуметтік желілеріне жазылыңыздар:

Facebook: https://web.facebook.com/profile.php?id=100069849044877
Instagram: https://instagram.com/jassarbaz_qozgalysy
YouTube-канал: https://youtube.com/channel/UC273s8IltwEJcch3uTBwMgw
TikTok: https://vm.tiktok.com/ZSe1RFk5B/
Жиынның ресми сайты: www.aibynonline.kz

Айбын-2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада жас патриоттар арасында «Айбын-2021» Республикалық жиыны басталды

51122

«Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Биыл жиын тағы да онлайн форматта өтеді. Оған «Жас ұлан» республикалық мектептерінен, С.Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінен, еліміздің облыстары мен қалаларындағы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-патриоттық клубтарынан құрамында 1100-ден астам жасөспірімнен құралған 74 команда қатысады.

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында орналасқан фронт-кеңсе арқылы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жастар – даму символы, жарқын болашаққа деген үміт көрінісі» деген сөздерін мысалға келтіріп, бұл жаңа буынға үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.
2021 жыл Қазақстан Тәуелсіз ел болғанына 30 жыл. Сіздер – тәуелсіз мемлекеттің ұрпағысыздар, елдің басты игілігі, күші мен Сіздер-Тәуелсіздіктің ұрпағысыздар, еліміздің басты игілігі, оның күші мен әлеуетісіздер, – деді Қорғаныс министрі.
Қорғаныс министрі жиынға қатысушыларға жарыстарда сәттілік пен сергектік тіледі. Отан қорғаушыларымен бір қатарға тұруға лайықты болып, осы күрделі де құрметті мамандықты таңдап, өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін жастардың талпынысы мен ниетін атап өтті.
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде сүйікті кәсібін оқытуға және қойылған мақсаттарын іске асыруға ұмтылатын жастар үшін қажетті жағдалар жасалған. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жолындағы ауқымды жұмысты облыс және қала әкімдері, білім беру, жастар ісі жөніндегі басқармалардың басшылары жүргізеді.
Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, төрағаның орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары полковник Батырбек Байбосынов, Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарабаев, басқа да министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Жиын аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық конкурсы, «Смарт сарбаз» конкурсы өтеді. Онда жас құрастырушылардың қолымен жасалған роботтар және роботтандырылған жүйелердің түрлері ұсынылады.
Биылғы бағдарламада жаңа жарыстар пайда болды. Олар жас тілшілер арасындағы «Жас сарбаз – жас тілші» байқауы және тоғыз-құмалақ ұлттық ойыны бойынша онлайн-турнирі. Алғаш рет тұрақты түрде «Жас сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады. Оның ішінде жиынның фронт-кеңсесінің, брифинг залының және «Жас сарбаз медиа» студиясының жұмысы ұйымдастырылды.
Өткен жылдағыдай, барлық жарыстар мен байқаулар қатысушылардың нормативтер мен тапсырмаларды орындау сәтінен видеоларды жүктеу арқылы мобильді қосымша бойынша ұйымдастырылады.
«Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады. «Егемен Елдің ертеңі – мен жас сарбаз» атты бірінші жас патриоттар форумы аясында жиынның жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

«Айбын-2021» Жиының бірінші байқауы «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны басталды

54547

Зияткерлік ойын 2021 жылы 7-8 қазан аралағында өтеді.

“Айбын дарыны” зияткерлік ойыны 5 турдан тұрады:
1 тур. Қазақ халқының мәдениеті
2 тур. Ұлы даланың батырлары
3 тур. Отандық кинематография
4 тур. Полиглот
5 тур. Жүзден жүйрік

Ойынға әр командадан 1 өкіл қатысады.

Осы жылдан бастап “Айбын дарыны” зияткерлік ойынының нәтижелері Жиынның жалпыкомандалық есебіне кіретін болады.

Қажетті заттар: камерамен жабдықталған құрылғы (телефон / компьютер / ноутбук), ойынға кіру үшін смартфон, қалам, қағаз

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Сен өз ойлағаныңан да мықтысың!💪🏼

«Айбын дарын» зияткерлік ойынының нәтижелері

52975

Онлайн-форматтағы VII "Айбын-2021" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының бірінші байқауы – "Айбын дарыны" зияткерлік ойыны аяқталды.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында көшбасшылар:
1 орын - Кабдыкарим Диана, «Алакөл Арландары» ӘПК, Алматы облысы;
2 орын - Серікұлы Сұлтан, «Жетісу Тарландары» ӘПК, Алматы облысы;
3 орын - Казезулы Ислам, «Сұңқар» ӘПК, Шығыс Қазақстан облысы.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орын - Мирзакимова Сапаргул, "Жас Ұрпақ" ӘПК, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің ТББ;
2 орын - Құлжан Саян, "Арыс" ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арыс қаласы;
3 орын - Жиенбаева Гаухар, "Орленок" ӘПК, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің ТББ.

Қорғаныс Министрлігі Әскери колледжінің, "Жас Ұлан" республикалық мектептерінің, облыстық әскери мектеп-интернаттарының командалары арасында ең көп білім алғандар:
1 орын - Жанғүбек Асылжан, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж, Нұр-сұлтан қаласы;
2 орын - Еркебай Бекмұхамед, "Жас ұлан" республикалық мектебі, Шымкент қаласы
3 орын - Базархат Жандос, "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты, Семей қаласы.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап "Айбын дарыны" зияткерлік ойынының нәтижелері Жиынның жалпыкомандалық есебіне кіретін болады.
Зияткерлік ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз! Ал қатысушылардың алдында көптеген қызықты байқаулар мен жарыстар күтіп тұр.
Айбын-2021: сен ойлағаныңнан да мықтысың!

Барлық қатысушы командалардың нәтижелері келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады:
https://drive.google.com/drive/folders/1cDGBZSTAgGzNDSINyf0kwzO1BqPpz2q-?usp=sharing

«Айбын-2021» жиыны аясында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны өткізулуде

83582

Тоғызқұмалақ ойыны 2021 жылы 11-15 қазан аралағында өтеді.

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.

Ойын онлайн-форматта playok.com арнайы платформасында өткізіледі. Ойынға әр командадан 2 өкіл (1 қыз, 1 ұл) қатысады.

Тоғызқұмалақ ойыны биыл бірінші рет “Айбын-2021” жиынының аясында өтіп жатыр.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Сен өз ойлағаныңан да мықтысың!💪🏼

"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынының нәтижелері

35193

VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының екінші байқауы «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны өз мәресіне жетті

Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Сұңқар» ӘПК, Шымкент қаласы
2 орын - «Арлан» ӘПК, Нұр – сұлтан қаласы
2 орын - «Жетісу тарландары» ӘПК, Алматы облысы
3 орын - «Альтаир» ӘПК, Маңғыстау облысы
3 орын - «Сыр Айбыны – 1» ӘПК, Қызылорда облысы
3 орын - «Бүркіт» ӘПК, Нұр – сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, іскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар легі келесідей анықталды:
1 орын - «Жас Артиллеристер» ӘПК, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
2 орын - «Бүркіт» ӘПК, ҚР Ұлттық Ұланы
2 место - «Арыс» ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару – жарақ басшылық басқармасы, Арыс қ,.
3 орын - «Батыс» ӘПК, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
Қорғаныс министрлігі әскери колледждері, «Жас ұлан» республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп- интернаттары арасындағы жеңімпаздар:
1 орын - Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы «Жас Ұлан» мектебі, Алматы қаласы
2 орын - Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" әскери колледжі, Нұр – Сұлтан қаласы
3 орын - Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі, Шымкент қаласы
Осы кезеңдегі барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Сіздерді алда әлі талай қызықты байқаулар күтуде.
Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынының нәтижелері

60736

VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының екінші байқауы «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны өз мәресіне жетті

Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Сұңқар» ӘПК, Шымкент қаласы
2 орын - «Арлан» ӘПК, Нұр – сұлтан қаласы
2 орын - «Жетісу тарландары» ӘПК, Алматы облысы
3 орын - «Альтаир» ӘПК, Маңғыстау облысы
3 орын - «Сыр Айбыны – 1» ӘПК, Қызылорда облысы
3 орын - «Бүркіт» ӘПК, Нұр – сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, іскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар легі келесідей анықталды:
1 орын - «Жас Артиллеристер» ӘПК, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
2 орын - «Бүркіт» ӘПК, ҚР Ұлттық Ұланы
2 место - «Арыс» ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару – жарақ басшылық басқармасы, Арыс қ,.
3 орын - «Батыс» ӘПК, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
Қорғаныс министрлігі әскери колледждері, «Жас ұлан» республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп- интернаттары арасындағы жеңімпаздар:
1 орын - Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы «Жас Ұлан» мектебі, Алматы қаласы
2 орын - Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" әскери колледжі, Нұр – Сұлтан қаласы
3 орын - Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі, Шымкент қаласы
Осы кезеңдегі барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Сіздерді алда әлі талай қызықты байқаулар күтуде.
Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері «Jas Sarbaz Hub» коворкинг-орталығында болды

44530

"Парыз" басқа мемлекеттердің аумақтарындағы жауынгерлік іс - қимыл ардагерлері "Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Төрағасының орынбасары - запастағы полковник Смағұлов Ербол Қалқаманұлы, запастағы полковник Ильясов Хайрулла Мұратұлы "Jas Sarbaz Hub" коворкинг-орталығында болып, оның онлайн-форматтағы "Айбын-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясындағы жұмысымен танысты.

Оларға "Aibyn online" цифрлық тұғырнамасы мен жиынның ресми әлеуметтік желілері таныстырылды.

Өз кезегінде ардагерлер жас патриоттарға тәлім беріп, жиын қатысушыларына байқаулар мен жарыстарда сәттілік тіледі.

Сенаторлар Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды

47197

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында отырыс өткізді.

Сенаторларға «Айбын» әскери-патриоттық жиынының цифрлық тұғырнамасы, жас патриоттар жасаған робототехника жобалары көрсетілді.

Сондай-ақ телекөпір - бейне байланыс арқылы Жиын қатысушылары қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед отырыс соңында осы сала мемлекеттің ұдайы назарында екенін айта келіп, сенаторлар туындаған мәселелерді шешуге, оның ішінде заңнамалық деңгейде де қарауға ниеттеніп отырғанын атап өтті.

"Smart Sarbaz-2021" өнертапқыштық байқауы

44668

«Айбын-2021» жиынының 3-ші байқауы «Smart Sarbaz-2021» өнертапқыштық байқауы 18-22 қазан аралығында өтеді

Байқаудың негізгі мақсаты: өскелең ұрпақтың жоғары технологиялар саласына қызығушылығын арттыру, олардың өздері әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруы.

18 қазаннан бастап 22 қазанға дейінгі аралығында – қатысушылардың жобаларын қарау, бейнематериалдарды техникалық тексеру және қазылар алқасының мүшелерімен тікелей эфирде шешуші сұхбат;

📆 22 қазан – қорытынды шығару және байқау нәтижелерін жариялау.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Сен өз ойлағаныңан да мықтысың!💪🏼

"Жас сарбаз - Жас тілшісі" байқауы

79343

«Айбын-2021» жиынының жаңа енгізілген байқауы «Жас сарбаз - жас тілшісі» жас журналистер медиа-байқауы 18 қазан 22 қараша аралығында өтеді

Байқау 4 кезеңнен тұрады:

I кезең - 18-22 қазан - Туған жерге туыңды тік, Жас Сарбаз» - видео
II кезең - 25-29 қазан аралығында - “Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі” - видео
III кезең - «Айбын – достық мекені» - мақала
IV кезең - “Тікелей эфирде - Жас Сарбаз», тікелей эфир, стендап

1 және 2 турға дауыс беру "JAS SARBAZ MEDIA" YouTube-каналында өтіп жатыр - ❤️ “Ұнайды" батырмасымен өз командаңызды қолдаңыз 👍

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Сен өз ойлағаныңан да мықтысың!💪🏼

«Smart Sarbaz - 2021» өнертапқыштық байқауының нәтижелері

33353

VII «Айбын - 2021» Республикалық әскери – патриоттық жастар жиынының үшінші байқауы «Smart Sarbaz - 2021» өнертапқыштық байқауы өз мәресіне жетті

Нұр – сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Альтаир» ӘПК, Маңғыстау облысы
2 орын - «Ақтау» ӘПК, Маңғыстау облысы
3 орын - «Турксиб» ӘПК, Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, іскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар легі келесідей анықталды:
1 орын - «Жас Артиллеристер» ӘПК, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
2 орын - «Жас батыр» ӘПК, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
3 место - «Жас десантшылар» ӘПК, ҚР ҚК ӘҚ Десанттық-шабуылдау әскерлері

Қорғаныс министрлігі әскери колледждері, «Жас ұлан» республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп- интернаттары арасындағы жеңімпаздар:
1 орын – «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты, Семей қаласы
2 орын - Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі, Шымкент қаласы
3 орын - Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» әскери колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы

Осы кезеңдегі барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Сіздерді алда әлі талай қызықты байқаулар күтуде.
Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

"Саламатты жас сарбаз" алғашқы медициналық көмек көрсету байқауының нәтижелері

34112

“Айбын-2021” VII Республикалық әскери - патриоттық жастар жиынының 4-ші кезеңі - “Саламатты жас сарбаз" байқауы аяқталды

Аймақтақ арасындағы байқауда көшбасшылар:
1 орын - "Төлеби арландары" ӘПК, Түркістан облысы
1 орын - "Сұңқар" ӘПК, Шымкент қаласы
2 орын - "Жетісу тарландары" ӘПК, Алматы облысы
2 орын - "Хиуаз Доспанова" ӘПК, Атырау облысы
2 орын - "Тарлан" ӘПК, Ақтөбе облысы
2 орын - "Барыс" ӘПК, Түркістан облысы
3 орын - "Бүркіт" ӘПК, Нұр-Сұлтан қаласы
3 орын - "Жұлдыз" ӘПК, Алматы қаласы

Қарулы Күштер командалары арасында 1-орынды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының "Жас артиллерист" ӘПК, 2-орынды Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының "Арыс" ӘПК, 3-орынды Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің "Жас десантшылар" ӘПК иеленді.

Әскери колледждің, "Жас ұлан" республикалық мектептерінің, облыстық әскери мектеп-интернаттарының командалары арасында алғашқы көмек көрсету бойынша үздік нәтижелер көрсетті:
1 орын - Семей қ. "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты
2 орын - Нұр-Сұлтан қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі
3 орын - Шымкент қаласы, “Жас ұлан" республикалық мектебі

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Одан әрі командалар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыста бақ сынайды. Барлық командаларға сәттілік тілейміз!

"Айбын жұлдызы" шығармашылық байқауының нәтижесі

75874

VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының бесінші байқауы «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті

Нұр – сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Мерген» ӘПК, Қостанай облысы
2 орын - «Сыр Айбыны – 1» ӘПК, Қызылорда облысы
3 орын - «Айбын» ӘПК, Ақмола облысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, іскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар легі келесідей анықталды:
1 орын - «Жас Зымыраншы» ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері
2 орын - «Бүркіт» ӘПК, ҚР Ұлттық Ұланы
2 место - «Сағадат» ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару – жарақ басшылық басқармасы, Приозерск қаласы
3 орын - «Арыс» ӘПК, «ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арыс қаласы

Қорғаныс министрлігі әскери колледждері, «Жас ұлан» республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп- интернаттары арасындағы жеңімпаздар:
1 орын - Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" әскери колледжі, Нұр – Сұлтан қаласы
2 орын - Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, Алматы қаласы
3 орын - Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі, Шымкент қаласы


Осы кезеңдегі барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Сіздерді алда әлі талай қызықты байқаулар күтуде.

Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

"Жас сарбаз - жас тілшісі" байқауының нәтижелері

29953

Онлайн - форматтағы "Айбын – 2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының "Жас Сарбаз-жас тілшісі" жас журналистер арасында медиа-байқауы аяқталды

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында көшбасшылар болды:
1 орын – Қуаныш Әбдібек, "Барыс" ӘПК, Түркістан облысы
2 орын - Токарева Дарья, "Сұңқар" ӘПК, Шығыс Қазақстан облысы
3 орын - Ренатұлы Дамир, "Сұңқар" ӘПК, Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орын-Черевко Валерия, "Жас артиллерист" ӘПК "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы
2 орын - Ахметова Аиша, "Жас Ұлан" ӘПК, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы
3 орын-Жақсылық Бибінұр, "Арыс" ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арыс қаласы

Қорғаныс Министрлігі Әскери колледжінің, "Жас Ұлан" республикалық мектептерінің, облыстық әскери мектеп-интернаттарының командалары арасында көшбасшылар болды:
1 орын – Жусипбаев Ернат, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж, Нұр-Сұлтан Қ.
2 орын – Ғазиз Ардажан, Семей қаласының "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты
3 орын – Асланбеков Ернұр, "Жас ұлан" республикалық мектебі, Шымкент қаласы
3 орын – Султанбек Елнур, "Жас ұлан" республикалық мектебі, Алматы қаласы

Медиа-конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Айбын-2021: сен ойлағаннан күштісің!

Белтемірге тартылу нәтижелері

94219

VII Республикалық «Айбын - 2021» әскери – патриоттық жиынының жетінші байқауы белтемірге тартылу бойынша жарысы өз мәресіне жетті

Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Барыс» ӘПК, Түркістан облысы
2 орын - «Жетісу тарландары» ӘПК, Алматы облысы
3 орын - «Жас қыран» ӘПК, Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар келесідей анықталды:
1 орын - «Жас барлаушы» ӘПК, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
2 орын - «Арыс» ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арыс қаласы
3 орын - «Жас артиллерист» ӘПК, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Қорғаныс министрлігі әскери колледждері, «Жас Ұлан» республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп- интернаттары арасындағы жеңімпаздар:
1 орын - Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, Алматы қаласы
2 орын - Кеңес одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық
«Жас ұлан» мектебі, Шымкент қаласы
3 орын - «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты, Семей қаласы

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында арқаға жатып денені көтеру бойынша жарыстың нәтижелері

36190

VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының "Айбын-2021" кезекті байқауы - қыздар арасында арқаға жатып денені көтеру бойынша жарыс аяқталды.

Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Барыс» ӘПК, Түркістан облысы
2 орын - «Жетісу тарландары» ӘПК, Алматы облысы
3 орын - «Жас қыран» ӘПК, Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар келесідей анықталды:
1 орын - «Батыс» ӘПК, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
2 орын - «Жас артиллерист» ӘПК, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы»
3 орын - "Сағадат" ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Приозерск қаласы

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

"Мейірімділік біріктіреді" челлендждер байқауының нәтижелері

30350

"Айбын-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының кезекті байқауы - "Мейірімділік біріктіреді" челлендждер байқауы аяқталды

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында көшбасшылар болды:
1 орын - "Сұңқар" ӘПК, Шығыс Қазақстан облысы
2 орын - "Барыс" ӘПК, Түркістан облысы
3 орын - "Сұңқар" ӘПК, Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орын - "Жас артиллерист" ӘПК, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы
2 орын - "Арыс" ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арыс қаласы
3 орын - "Жас Ұлан" ӘПК, ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы

Қорғаныс Министрлігі әскери колледжінің, "Жас Ұлан" республикалық мектептерінің, облыстық әскери мектеп-интернаттарының командалары арасында жеңімпаздар анықталды:
1 орын – "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты, Семей қаласы;
2 орын - "Жас Ұлан" республикалық мектебі, Алматы қаласы
3 орын – ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі, Нұр-Сұлтан қ.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алда жиынның соңғы байқауы - АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау қалды! Сәттілік тілейміз және мықтылар жеңсін!
Айбын-2021: Сен ойлағаныңнан да мықтысың!

Еліміздің барлық жас патриоттарын біріктіретін "Жас сарбаз" қозғалысына - 3 жыл

66009

Бүгін, 2021 жылының 14 қараша жұлдызында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігіне 3 жыл толды

3 жыл бұрын осы күні құрылтайшылардың жалпы жиналысында «Жас сарбаз» қозғалысының Жарғысы бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді.

Қозғалыстың басты мақсаты өскелең ұрпақты ел тарихын құрметтеу және мақтаныш рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу, қазіргі заманға прагматикалық баға беру және болашаққа оң көзқарас болып табылады.

Қазіргі уақытта қозғалыс 7 037 әскери-патриоттық клубты (оның ішінде 2697 баланы қамтитын әскери бөлімдер жанындағы 110 әскери-патриоттық клуб), "Жас сарбаз" сыныптарын және "Smart Sarbaz" үйірмелерін біріктіреді, онда 215 500 тәрбиеленуші жастар қатысады.

Мерекеге орай еліміздің жүрегі - Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында "Жас сарбаз" қозғалысының 3 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Қадыржанұлы Таласов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ төрағасы Мейірбек Оразұлы Меңдіғалиев, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстары филиалдарының төрағалары және "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері қатысты.

АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша жарыстың нәтижелері

30665

"Айбын-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының соңғы байқауы - АК-74 толық бөлшектеу және жинақтау аяқталды

Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әскери – патриоттық клубтары арасында көш бастағандар:
1 орын - «Жетісу тарландары» ӘПК, Алматы облысы
2 орын - «Сұңқар» ӘПК, Шымкент қаласы
3 орын - «Арыстан» ӘПК, Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдары мен басқа да әскер түрлері әскери – патриоттық клубтарын арасындағы орындар келесідей анықталды:
1 орын - «Жас барлаушы» ӘПК, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
2 орын - «Арыс» ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арыс қаласы
3 орын - «Сағадат» ӘПК, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Приозерск қаласы

Қорғаныс министрлігі әскери колледждері, «Жас Ұлан» республикалық мектептері, облыстық әскери мектеп- интернаттары арасындағы жеңімпаздар:
1 орын - ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы
2 орын - «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты, Семей қаласы
3 орын - Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, Алматы қаласы

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Айбын – 2021: Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың!

«Айбын дарыны» зияткерлік ойыны

Әдебиет, музыка, өнер, фольклор бөлімдерінен тұратын қазақ халқының мәдениетіне арналған 7 сұрақ. Қатысущыларға әр сұраққа жауап беру үшін 30 секунд беріледі. Дұрыс жауап үшін – 1 ұпай.

Ұлы дала батырларының ерліктеріне арналған 7 сұрақ (XV ғасырдан қазіргі уақытқа дейін). Қатысушыларға әр сұраққа жауап беру үшін 30 секунд беріледі. Дұрыс жауап үшін – 1 ұпай.

Қазақстан кинематографиясы бойынша 7 сұрақ. Қатысушыларға фильмнің атауын, фильмде сипатталған оқиғаны анықтау керек 7 бейне, фото немесе аудио сұрақ ұсынылады. Қатысушыларға әр сұраққа жауап беру үшін 30 секунд беріледі. Дұрыс жауап үшін – 1 ұпай.

3 тілде (Қазақ, Орыс, Ағылшын) қойылатын әр түрлі тақырыптар бойынша 7 сұрақ. Қатысушыларға әр сұраққа жауап беру үшін 90 секунд беріледі. Қатысушылар сұрақ қойылған тілде жауап беру керек. Дұрыс жауап үшін – 1 ұпай.

Логикалық ойлауға 7 сұрақ. Қатысушыларға әр сұраққа жауап беру үшін 90 секунд беріледі. Дұрыс жауап үшін – 1 ұпай. Сұрақтардың жалпы саны – 35. Жалпы уақыты – 35 минут

Қатысушылар 21 қазанға дейін әскери қызметтің беделін арттыру және өскелең ұрпақтың жауынгерлік рухын көтеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскери және әскери құралымдары туралы бейнесюжет түсіруі тиіс. Материалдардың бейнежазбалары хронометражы кемінде 3 минут болатын ұсынылады.

Белтемірде тартылу

«Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша байқауы

Байқауды өткізудің негізгі мақсаты – Жиын қатысушыларының алғашқы медициналық көмек көрсету білімі мен дағдыларын меңгеру

Топтарға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық сұрақтар және келесі шұғыл жағдайлар бойынша ситуациялық тапсырма беріледі: - жарақат; - қан кету; - электр тогымен зақымдану; - сынық; - таюы; - көгеру; - байламдардың созылуы; - бас сүйегінің сынуы (белгілері: құлақ пен ауыздан қан кету, бейсаналық) және контузия (белгілері: бас ауруы, жүрек айну, құсу, сананың жоғалуы); - омыртқаның зақымдануы (белгілері: омыртқадағы өткір ауырсыну, арқаңызды бүгу және бұрылу мүмкін еместігі); - күйік; - жылу және күн соққысы; - тамақтан улану; - үсік шалу; - бөгде денелердің ағзалар мен тіндерге түсуі; - жәндіктердің шағуы (аралар): - суға бату.

Байқаудың қатысушылары осы теориялық сұрақтарға жауап беруы және практикалық жағдайлар бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша белгіленген уақытта іс-қимылдарды орындауы тиіс.

Национальная игра «Тоғызқұмалақ»

«Тоғызқұмалақ» ойынында Жиынға қатысатын командалардан екі адамнан (1 ұл, 1 қыз) қатысады.

Тоғызқұмалақ ойыны онлайн арнайы қосымшада өтеді. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны қосымшада автоматты түрде анықталады.

Қосымшада әр қатысушыға ойынға берілетін уақыт – 10 минут. Ойын автоматты түрде 10 минуттан кейін тоқтайды. Жинаған ұпай санына байланысты, жүйе қатысушылар рейтингін көрсетіп отырады. Сәйкесінше, көп ұпай жинап, уақыт бойынша да тез ойнаған қатысушының мүмкіндігі жоғарлайды.

«Мейірімділік біріктіреді» челледждер байқауы

– өскелең ұрпақтың бірлігі мен біріктіруді нығайту, игі істерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және волонтерліктің басты құндылықтарын дәріптеу

Топтар 2021 жылдың 15 қазанына дейін бейне-челлендждерді patriotkz2017@gmail.com электрондық поштасына жіберуі тиіс

Челледж өзінің бірегейлігімен ерекшеленуі және жаңа (бұрынғы челледждерден қайталанбас) челлендждің бастауы болуы керек.

Бейнежазба ұзақтығы – 1 минуттан аспауы тиіс. Бейнежазбаның сапасы – 1440х1440, mp4, mov, avi форматтарында.

Әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс: белтемірге тартылу, арқамен жатып денені көтеру, АК-74 толық емес шашып – жинау

Тартылу кезінде қатысушы міндетті: - иекті керменің грифінен жоғары көтеріп, бастапқы жағдайдан үздіксіз қозғалыспен тартылу; - ілулі жағдайға төмендеу; - шайқалуын өз бетімен тоқтату; - төрешіге көрінетін бастапқы жағдайды 0,5 секундқа белгілеу; - төреші есеп бастағанын естіп, жаттығуды жалғастыру.

Жаттығу бастапқы жағдайдан орындалады (БЖ): гимнастикалық төсеніште (еденде) арқаға жатып, қол саусақтары «құлыпта» бастың артында, аяқтары тізеге тік бұрышпен бүгілген, табанды еденге қысу, жауырын төсенішке(еденге) тигізу керек. АК-74 бөлшектеу және жинақтау «АК-74 толық емес бөлшектеу» нормативін орындау тәртібі. Қару үстелде. «№12 нормативін орындауға кірісу» командасы бойынша қатысушы нормативті келесі ретпен орындайды: - қорапты ажыратады; - қаруды қатандығына тексереді; - қарудың пеналын шығарады; - сүмбіні бөлектейді; - желді тежегішті бөлектейді; - оқпан қорапшасының қақпағын бөлектейді; - қайтару тетігін бөлектейді; - бекітпемен бірге бекітпе рамасын бөлектейді; - бекітпені бекітпе рамасынан бөлектейді; - ұңғы қаптамасымен газ түтігін бөлектейді. Норматив орындалғаннан кейін қатысушы «Дайын» деп баяндайды. «Толық емес бөлшектенгеннен кейін қаруды жинау тәртібі» нормативін орындау тәртібі. Қару үстелде бөлшектелді. Бөлшектер мен механизмдер ұқыпты ыдыраған, құрал дайын. «№13 нормативті орындауға кірісу» командасы беріледі, қатысушы нормативті тиісінше орындайды: - газ түтігін ұңғы қаптамасымен қосады; - бекітпені бекітпе рамасына қосады; - бекітпемен бірге бекітпе рамасын қосады; - қайтару тетігін қосады; - оқпан қорапшасының қақпағын қосады; - бақылау шаппаны жүргізеді және сақтандырғышқа қояды; - желді тежегішті қосады; - сүмбіні қосады; - пеналды салады; - қорапты қосады; Норматив орындалғаннан кейін қатысушы «Дайын» деп баяндайды.

«Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы

Шығармашылық байқауды өткізудің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, мәдени бірегейлікті сақтау, этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту, жастардың бойында ұлттық құндылықтарды сақтауға баулу мен патриоттық сезімдерін арттыру болып табылады.

Шығармашылық байқау тақырыбын таңдау алдын – ала құрылған Coogle диск платформасы арқылы өтеді. Платформада таңдалған тақырыпты бір рет таңдағаннан кейін өзгерту мүмкіндігі болмайды

Алғаш рет 2021 жылы қатысушыларға авторлық әндер ұсыну мүмкіндігі бар. Яғни тіркелген кезде әнді таңдау пернесіне «авторлық ән» деп жазып қалдыруы керек. Әні мен сөзі плагиаттық көшірме болмауы керек

«Білім. Абырой. Жеңіс» финалдық ойыны

2 кезең: «Ұлы Даланың ұлы есімдері» Әр топқа Ұлы даланың белгілі тұлғалары - батырлар, жыраулар, жазушылар, ақындар, қоғам қайраткерлері, әртістер, музыканттар және т.б. бейнеленген 15 фотосурет беріледі. Топтар белгілі адамның тегі мен атын, қызмет аясын атауы керек. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Топтарға әр сұраққа жауап беруге бір ғана мүмкіндік жасалады. Әр сұрақты талқылау уақыты – 30 секунд.

Топтың әр мүшесі баскетбол добын еркін лақтыру сызығынан сақинаға лақтырады. Әр қатысушының 1 мүмкіндігі бар. Топқа лақтырудың жалпы саны – 15. Егер доп сақинаға түссе, онда «қара жәшік» ашылады, онда тапсырма бар.

Топ тапсырмаға жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі. Тапсырмалар ҚР ҚК қару-жарағы мен әскери техникасының тактикалық- техникалық сипаттамаларына арналған. Әр сұрақты талқылау уақыты – 40 секунд.

Топқа жиналған баллдардың ең көп саны – 15.

Шалқалап жатып денені көтеру

Бёрпи

АК-74 бөлшектеу мен жинақтау

Газ қағар мен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын плащ түрінде кию

«Айбын дарыны» зияткерлік байқауы

«Айбын дарыны» зияткерлік туры 18 – 22 қазан аралығында өткізіледі және Қазақ халқының мәдениеті, отандық кинематография, ұлы дала батырлары тақырыптары бойынша онлайн-тесттерді қамтиды. Сұрақтар саны – 30. Қатысушыларға ұсынылған нұсқалардың бірін таңдауы керек. Әрбір дұрыс жауап үшін - 1 ұпай. Ең көп балл жинау саны – 30. Для ответа на каждый вопрос выделяется от 20 до 120 секунд в зависимости от сложности вопроса. Әрбір сұраққа, сұрақтың қиындығына 20 дан 120 секундтке дейін уақыт беріледі. Жауап беру жылдамдығы ескеріледі. Для прохождения онлайн – тестирования викторины Айбын дарыны необходимо: Айбын дарыны зияткерлік сайысы онлайн өту үшін міндетті: 1. Бекітілген сілтемеге өту керек; 2. Аты – жөніңізді енгізіңіз; 3. «Ойынды бастау» батырмасын басу Онлайн тест сұрақтары басталыд. Жауап беру үшін ұсынылған төрт джааптың біреуін таңдаңыз. Іске сәт!

«Жылдам. Биік. Күшті» физикалық дайындық бойынша байқау

Байқау 25-29 қазан аралығында өткізіледі және қыздар үшін шалқалап жатып денені көтеру (пресс), ұлдар үшін кеудені жерден көтеру (отжимания) жаттығуларын қамтиды. Жаттығуларды дұрыс орындау нұсқаулығы Жиынның ресми сайтында aibynonline.kz және Youtube каналында жариланған.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» шығармашылық байқауы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» шығармашылық турда әрбір қатысушы патриоттық тақырыпта (Отанға сүйіспеншілік, Қазақстандық патриотизм, Отанды қорғау қасиетті борышы және ұрпақтардың тарихи сабақтастығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 - жылдығы) бейнеролик түсіруі тиіс. Бейнеролик өзінің бірегейлігі мен шығармашылығымен ерекшеленуі керек. Бейнеролик ұзақтығы 1 минуттан аспауы қажет.

«Smart Sarbaz-2021» өнертапқыштық байқауы»

1-кезең – Видеоны жіберу Әр топ үшін жобаның бейне-таныстырылымына бөлінген уақыт – 3 минут. Видеода сипатталынатындар: 1) құруы және тарихы (бейне-таныстырылым); 2) бағдарламалау процесі қалай жүзеге асырылды; 3) құру архитектурасы (құру кезінде қандай шешімдер қолданылды).

2-кезең Осы кезең барысында қатысушы қазылар алқасының мүшелеріне өзінің смарт жобасының мүмкіндіктерін келесі критерийлер бойынша тікелей эфирде көрсетеді: - егер жоба қозғалыс мүмкіндігі бар қатысушы болса, онда жобаның техникалық мүмкіндіктері, кедергілерден өту мүмкіндігі, бағдарламалау алгоритмі, егер бұл құбылмалы жоба, жүзу және суға түсу; - егер қатысушының жобасы қозғалыссыз болса, онда мыналар ескеріледі: күрделілік, бағдарламалау алгоритмі және қолдану мүмкіндігі; - егер қатысушының жобасы бағдарламалау немесе мобильді қосымша болса, онда жобаның әскери мүмкіндігі, бағдарламалаудың күрделілігі, қолдану аясы ескеріледі.

«Жас Сарбаз - жас тілшісі» жас тілшілердің медиа-конкурсы

I кезең «Туған жерге туыңды тік, Жас Сарбаз» Қатысушылар 14 қазанға дейін туған жерге, кіші отанға деген сүйіспеншілік туралы бейнепрезентация жіберуі тиіс. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бейнероликтерді хронометражы кемінде 1 минут болатындай етіп ұсыну керек.

Қатысушылар 29 қазанға дейін әскери-патриоттық жиын туралы материалды (мақаланы) ресми тілдердің бірінде (қазақ тілі немесе орыс тілі) А4-парақтан кем емес, Times New Roman шрифтімен, 14-шрифт өлшемінде ұсынады. Конкурс материалы «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны туралы, оның қатысушылары туралы ақпаратты қамту керек және мақаланың тақырыбын толық ашуы тиіс.

Қатысушылар 4-18 қараша аралығында нақты уақыт режимінде жекелеген конкурстар өткізілетін орындардан жеке кесте бойынша тікелей эфир өткізеді. Жиын аясында тікелей эфирлерде стендап болуы керек (жас журналистің кадрда пайда болуы, сюжеттің тақырыбы туралы ақпарат береді), синхрон (сұхбат) және кадр сыртындағы мәтін.