Бейбіт күннің батырлары: Һәм ерлік жасау мейірімнен бе әлде міндет пе?

12434

Бүгін,21 қаңтар күні ҚР ҚК Ұлттық әскери – паириоттық орталығында «Бүгінгінің батырлары» деген атаумен қаҺармандық танытып, 3 баланың өміріне араша түскен азаматтарды марапаттау рәсімі болып өтті.

Айта кетелік, бұл төтенше жағдай 12 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыбұлақ көшесінде орын алған болатын.
Жағдайы қиындаған, төтенше жағдайға тап болған балалар көмекке шақырған. Балалардың дауысын ести сала сол маңда өтіп бара жатқан Нариман, Бауржан,Ержан есімді азаматтар бей-жай қарамай көмектесуге ұмтылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізіп, баларды үйіне жеткізіп соңына дейін бар көмегін аямаған.
Осындай табандылығы мен адамгершілік қасиетінің биігінен көрінге бұл азаматтар марапатқа әбден лайық.
Осы орайда, Республикалық «Жас Сарбаз» жасөспірімдер қозғалысы, «Жас Сарбаз» қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімшіліг бірге, ерлік танытқан бүгінгінің батырларына алғыс хат жариялап, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Кездесу барысында, Республикалық «Жас Сарбаз» жасөспірімдер қозғалысының төрағасы Мейірбек Оразұлы сөз алып:
- «Сіздер еліміздің нағыз патриоттарысыздар. Бүгінгі күні жастардың бойында осындай ерлік жасай алатын мейірімділік бары қатты қуантады. Ел басына күн туған сәтте, ойланбастан қол ұшын созу адамзаттың ең ұлы қасиетінің бірі, азаматтық парызы. Қиын жағдайға түскен бауырына ойланбастан көмек көрсетуді екінің бірі жасай бермейді. Сондықтан да сіздерге алғысымды білдіремін, сіздерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға рахмет!» - деп өзінің шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Кездесудің құрметті қонағы ретінде шақырылған Нұр-сұлтан қаласы жастар саясаты басқармасының бөлім басышысы Тастемір Ақұлан Өсерұлы да өзінің жүрекжарды тілегі мен алғысын жеткізді.
«Жаугершілік заман өткенімен, тәуелсіз елімізде түрлі төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондай сәтте, басының қамы үшін емес, елінің тыныштығын күзетуге асығатын сіздердей азаматтар барына қуанаамыз,. Сіздер Елорданың батырысыздар. Өзгелерге үлгі болып, батырлық сезімдерін оятасыздар. Өз атымнан, халық атынан шынайы алғыс білдіремін. Бүгінгінің батырларын ел білуі тиіс» -деп, сөзін қортындылады жастар жанашыры.
Кездесу барысында оқиғаның басты кейіпкерлеріне де сұрақ қойылып, оқиға туралы кеңірек баяндап берді.
Балалардың жанайқайын алғаш естігеннің бірі Бауржан Қуатұлы.
15 күн бұрын ғана Отан алдындағы борышын өтеп келген азамат, сол күні Төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа тұру мақсатында норматив тапсыруға шыққанын айтты. Кенеттен балардың көмекке шақырғанын естіп,жүгіре жөнелдік дейді. Мемлекеттің ең басты байлығы – халық. Оның әр тұрғының өмірі қымбат. Әсіресе баларға көмек көрсете алғаныма қуанамын дейді. Сөз кезегін Қарағанды қаласындағы батыр Т. Бегелдинов атындағы № 58 әскери-мектеп интернатының түлегі, бүгінде «Қазақстан спорт кеңесі» төағасының орынбасары қызыметін атқарып жүрген Нариман Бейсембайұлы жалғады.
«Бала күнімнен бізді елдің нағыз патриоты болуға, Отанға адал қызмет етуге, барынша қайырымдылық жасауға тәрбиеледі. Ерлік туа біткен қасиет емес, тәрбиенің жемісі деп Батыр букең айтқандай –ақ мейірімді болуға әрқашан тырысып келемін. Кішкентайымнан ерлік жкасауды армандайтынмын. Соларманымның орындалғанына қуанамын. Иә, бұл ісіе кеуде керіп мақтанбаймын, деседе кез –келген адам бұндай жағдайға жай қарамасы анық. Әрқашан ел үшін еңбек етемін» -деп жігерлене түсті.
Оқиығаның кезекті батыры Ержан Жанатұлы жақында ғана сайлауға түсіп, елге қайтсем пайдам тиеді деп ойланып жүргем. Керек уақытта, керек кезде сол жерден табылғаным сәйкестік деп ойламаймын. Бәрі адамының қолынан келетін іс. Бастысы дұрыс қойылған ниет. Мен де әрқашан қайырымды болып, қолдан келген әр көмегімді аямауға тырысып келемін. Көмек көрсетен алғаныма ризамын» деп кездесудің нүктесін қойды.
Заманауи батыр деп те, ерлік жасадық деп те мақтанудан аулақпыз. Әрқашан еліміздің өркендеуіне ат салысамыз.
Бүгін шақырып, мәртебе көрсетіп жатқандарыңыз үшін рақмет. Сіздердей, Республика көлемінде жұмыс жасайтын әскери-патриоттық қозғалыстың болуы көңілге қуаныш ұялатады. Істеріңізге табыс тілейміз деп тарқасты азаматтар.
Өз кезегімізде бізде, елім дейтін, адамгепршілік биігінен көрініп, парасат майданының дарабозы болар Жастар көп болсын дейміз.